Ел біріншілігінің 21-ші турындағы «Атырау»-«Қайрат» (0:0) кездесуінен кейін өткен баспасөз-мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайрат» ФК бас бапкері Владимир Вайсс:

- Қос команда үшін де ойын ауыр болды. Бүгін алаңға жаңа ойыншыларды шығардым. Ойын басында гол соғатын жақсы мүмкіндіктеріміз болды, бірақ одан нәтиже шығара алмадық. Бұған қоса қарсыламыз жақсы ойнады. Тең есеп – біз үшін қолайлы нәтиже. Жаңғылышбай талантты футболшы, бірақ оған тәжірибе жетіспеуде. Ұлан Қонысбаев та мықты ойыншы, ұлттық құрамасының мүшесі. Жалпы екі команда да жақсы ойнады, қорытынды есеп әділетті деп ойлаймын.

«Атырау» ФК бас бапкері Владимир Никитенко:

- Менің ойымша, мықты командаға қарсы жақсы ойнадық. Ойын тартысты өрбіді, тең нәтиже әділетті деп ойлаймын. Кейбір ойыншыларымыздың жарақаттарына қарамастан жігіттер соңына дейін ойнап, жеңіске жақын болды.