Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтің жаңартылған нұсқасына бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин енбеген. Әлем чемпионы титулы бос деп жарияланды, ал Головкин жаңартылған рейтингте жоқ. Ол орта салмақтағы WBA әлем чемпионы ретінде ғана аталады.

Орта салмақтағы топ-10 қатарында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орнын сақтап қалды. Бірінші орында бразилиялық Эскива Фалькао, екінші орында аустралиялық Майкл Зерафа, үздік үштікті германиялық Винченцо Гуальтрери түйіндеді.

Фото marca.com