Астанада футболдан Қазақстан кубогы-2023 жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

16-31 наурыз аралығында Шымкентте өтетін бастапқы кезеңнің 16 қатысушысы төрт топқа бөлінді:

A тобы: «Ақжайық» (Орал), «Алтай» (Өскемен), «Жас Қыран» (Алматы), «AKAS» (Алматы)B тобы: «Тараз» (Тараз), «Жеңіс» (Астана), «Арыс» (Арыс), «Елімай» (Семей)C тобы: «Қыран» (Шымкент), «Оңтүстік Академиясы» (Шымкент), «SD Family» (Астана), «Ұлытау» (Жезқғазған)D тобы: «Тұран» (Түркістан), «Яссы» (Түркістан), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Жетісай» (Жетісай)

Бастапқы кезеңнің плей-оффында А тобының жеңімпазы С тобының бірінші командасымен (1/8 финалдың жеребе тарту кезінде 15-команда) кездеседі, ал D квартетінде бірінші орын алған команда В тобының жеңімпазымен (1/8 финалдың жеребе тарту кезінде 16-команда) күш сынасады.

Одан кейін 1/8 финал мен келесі кезеңдердің жұптары анықталды.

1. «Астана» (Астана) – «Қайсар» (Қызылорда)2. «Каспий» (Ақтау) – 16-команда3. «Ордабасы» (Шымкент) – «Мақтаарал» (Атакент)4. «Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Жетісу» (Талдықорған)5. «Шахтер» (Қарағанды) – «Оқжетпес» (Көкшетау)6. «Тобыл» (Қостанай) – «Ақсу» (Павлодар)7. «Ақтөбе» – «Атырау»8. «Қайрат» (Алматы) – 15-команда

1/8 финалда мына жұптардың жеңімпаздары ширек финалда кездеседі:

1. 1 – 22. 3 – 43. 5 – 64. 7 – 8

Жартылай финал жұптары осындай болады?

1. 1 – 22. 3 – 4

Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімін мына жерден көруге болады.

Фото pflk.kz