Astana Arlans кәсіпқой бокс клубының бас менеджері Серик Сапиев «Шахтер» футбол клубын жеңіспен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Ел чемпионатының көшбасшы командасы «Ақтөбені» жеңген қарағандылық «Шахтерді» жеңіспен құттықтаймын. «Шахтерге» алдағы ойындарда сәттілік тілеймін! – деді Олимпиада чемпионы кеншілердің ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, «Шахтер» 21-ші турда сырт алаңда «Ақтөбені» 1:0 есебімен ұтты.