Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шербурдегі (Франция) турнирдің іріктеуінде финалға шықты. Енді негізгі кезең жолдамасын басқа бір қазақстандықпен сарапқа салады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұқаев іріктеу жартылай финалында францущ Максенс Божені 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Енді негізгі кезеңге таласта қазақстандық Денис Евсеевпен күш сынасады. Бұл теннисшілер арасындағы текетіресте үш рет Евсеев, бір мәрте Жұқаев жеңіске жеткен.