Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестің (58-2-2, 39 KO) келесі қарсыласы ұлыбританиялық Джон Райдер (32-5, 18 KO) болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ESPN журналисі Майк Коппинджер жариялады.

«Канело Альварес пен Джон Райдер екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке келісуге жақын, ол 6 мамырда өтеді. Қайда өтетіні әлі белгіленбеді, бірақ кездесу Халиско штатында (Мексика) болуы мүмкін», – деп жазды Коппинджер желіде.