14-17 ақпан күндері Астанада дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады. Жарыста 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды.

Айта кетерлігі, аталған ел чемпионатының нәтижесінде 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.