19 ақпанда Алматыда Еуразиялық жекпе-жек промоушеннің кезекті ивенті өтеді.

OCTAGON 41 турнирінің басты жекпе-жегінде Дамир «Қазақ Сехудосы» Төленов (8-0) пен бұған дейін қырғыз «Ханзадасы» Нұрбек Болотбековті (7 -3) жеңген тәжікстандық «Гангстер» Шерзод Ибодилоев (5-0) кездеседі.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық спортшы жеңіліп көрмеген қарсыласының деңгейіне баға беріп, алдағы бес раундтық жекпе-жек туралы пікірін айтты.

- Дамир, сіз бастапқыда басқа қарсыласқа дайындалып жүрдіңіз, бірақ титулыңызды Шерзод Ибодилоевке қарсы жекпе-жекте қорғайтын болдыңыз. Осыған байланысты жаттығуларыңызды түзетуге тура келді ме?

- Иә, мен Лейлизадаға дайындалдым, бірақ қарсылас ауысуы мен үшін ештеңені өзгертпейді, өйткені менің ойын жоспарым - тек жеңіске жету. Біз қысым жасаймыз, көбірек жұмыс істейміз. Дайындықтағы кейбір тұстарды түзетуге тура келді, өйткені біз жекпе-жектерді көріп, бірдеңе түсіндік. Біз оларды түзетеміз, ол жекпе-жек барысында белгілі болады.

- Қарсылас ауысқаннан кейін, алдағы титулды қорғау жоспарында ештеңе өзгермеді ме?

– Ерекше ештеңе болған жоқ деп ойлаймын. Қарсыластар Роял немесе Шерзод болсын, бәрібір. Ештеңе өзгермейді.