Футбол клубтары қысқы трансфер кезеңінде 1,57 миллиард доллар жұмсаған. Бұл рекорд саналады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ФИФА сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұрынғы рекорд 2018 жылы тіркелген. 2023 жылғы трансфер кезеңі одан 230 миллион долларға озған. 2022 жылмен салыстырғанда халықаралық трансфер саны 14 пайызға ұлғайған.

Қаңтарда ең көп трансфер жасағандар - ағылшын клубтары ($898,6 млн), екінші орында Франция ($131,9 млн) тұр.

Фото: fifa.com