15 наурызда Шымкент қаласында Қазақстан OLIMPBET-Кубогының бастапқы кезеңі өтеді. Аталмыш кезеңде Бірінші және Екінші Лигалардың 16 өкілі негізгі кезеңге қатысуға мүмкіндік беретін екі жолдама үшін таласады.

Бастапқы кезеңде 16 команда 4 топқа бөлінеді. Топтардың жеңімпаздары плей-офф кезеңінде бір-бірімен кездесіп, жарыстың негізгі кезеңінде Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатына қатысушы 14 командаға қосылатын екі клубты анықтайды.

2023 жылғы маусымда Кубоктың бастапқы кезеңіне келесі командалар қатысады: «Оңтүстік Академиясы» (Шымкент), «Ақжайық» (Орал), «Алтай» (Өскемен), «Арыс» (Арыс), «Елімай» (Семей), «Жас Қыран» (Алматы), «Жетісай» (Жетісай), «Жеңіс» (Астана), «Қыран» (Түркістан облысы), «Тараз» (Тараз), «Тұран» (Түркістан), «Ұлытау» (Жезқазған), «Хан Тәңірі» (Алматы), «Яссы» (Түркістан), «AKAS» (Алматы), «SD Family» (Астана).

Қазақстан OLIMPBET-Кубогының бастапқы және негізгі кезеңдерінің жеребесі 13 ақпанда тартылады.