«Атырау» Қазақстан чемпионатының 21-туры аясында алматылық «Қайратты» қабылдады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Атырауда матч басталмас бұрын жаңбыр жауғанына байланысты, футболшыларға өз ойынын көрсету қиын болды. Қос команда да алма кезек шабуыл жасағанымен, жанкүйерлер бұл матчта гол көре алмады. Қорытынды есеп – 0:0.

Бұл тең есептің өзі «Қайратқа» көш бастауға кедергі бола алмады. Себебі Ақтөбеде өткен жергілікті команда мен «Шахтер» ойынында қонақтар сенсациялық түрде жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан чемпионаты, 21-ші тур

«Атырау» - «Қайрат» 0:0 (0:0)

«Атырау»: Нәрзіқұлов, Айтбаев (Кузьмин 46), Григорьев, Чичулин, Эсатов, Аржанов, Байжанов, Диакате, Заречный, Маров (Қалмұратов 61), Эссаме.         

«Қайрат»: Плотников, Соарес, Гурман, Қуантаев, Рудосельский, Исаэл (Гоу 64), Қонысбаев, Қуат (Маркович 74), Тимощук, Деспотович, Жанғылышбай (Исламхан 57).      

ТөрешілерИгорь Чесноков, Рустам Сүйінов, Санжар Искаков.