Қазақстан чемпионатының фавориті «Ақтөбе» өз алаңында ҚПЛ аутсайдері қарағандылық «Шахтерді» қабылдады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ойынның алғашқы таймында ауыз толтырып айтарлықтай мүмкіндік болған жоқ. Үзілістен кейін ақтөбеліктер қарсыласының қақпасынан саңлау табуға бар күшін салды, бірақ «кеншілер» өз иелігін голдан аман алып қалды. Ойын тең есеппен аяқталады деп күтілген сәтте «Шахтер» ойыншылары матчтың соңғы минуттарында алаң иелерінің қақпасына гол соғып кетті. Ветров Покатиловқа қарсы бірге-бір шығып, мүмкіндігін жіберген жоқ.

 

Чемпионат Казахстана, 21-ші тур

«Ақтөбе» - «Шахтер» 0:1 (0:0)

Гол: Ветров 86

«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Логвиненко, Дяк (Данило 78), Жулпа, Коробкин, Левин, Хайруллин (Тағыберген 66), Әйімбетов, Неко, Хижниченко (Пиззели 46).

«Шахтер»: Мокин, Василевич, Джидич, Димов, Тарасов, Вошаглик (Уббник 70), Ермеков, Коструб, Петрацци, Мұртазаев (Ветров 58), Фещук.

ТөрешілерАсхат Абданбаев, Александр Павлов, Әлібек Әубәкіров.