Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің «суперчемпионы» Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Қазақстандық боксшы кубалық «қарапайым» чемпион Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасып, белбеуін қорғауы тиіс.

WBA өз ресурстарында жария еткендей, тараптарға келіссөз жүргізу үшін 15 күн беріледі. Мерзім 8 ақпанда басталып, 23 ақпанда аяқталады. Егер боксшылар осы аралықта келісіп үлгермесе, промоутерлік сауда жарияланады.