«Тараз» жартылай қорғаушысы Жақып Қожамберді жаңа команда тапты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

30 жастағы ойыншы келесі маусымда «Тұран» сапында өнер көрсетеді.

Орталық жартылай қорғаушы былтыр мансабындағы ең нәтижелі маусымын өткізді. Ол ҚПЛ-да 23 матчқа қатысып, төрт гол соқты және екі нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Қожамберді «Астана», «Оқжетпес», «Жетісу», «Қыран» командаларында өнер көрсеткен. Қазақстан құрамасы сапында екі ойын өткізген.