Клубтар арасындағы әлем чемпионатының 1/2 финалында «Аль-Ахли» мен «Реал Мадрид» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында испаниялық клуб 4:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Жеңіске жеткен команда сапында Винисиус Жуниор, Феде Вальверде, Родриго және Серхио Аррибас көзге түсті. Ал мысырлық команданың жалғыз голын Али Маалул соқты.

Айта кетерлігі, Лука Модрич матч барысында пенальтиден гол соға алмады.