«Сарыарқа» - «Алматы» матчы аяқталғаннан кейін қарағандылықтар тұрақты маусымдағы жеңісі үшін марапатталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іс-шараға QHL басқарушы директоры Андрей Сачук қатысты.

Аяқталған тұрақты маусымда Петерис Скудра командасы 82 ұпай жинап, ең нәтижелі команда болды (активте 207 гол).

Еске салайық, «Сарыарқа» Қазақстанның қазіргі чемпионы.