Шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» ұтып, Қазақстан чемпионатының алғашқы алтылығына кіріп қойды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ойынның есебін Еркебұлан Тұңғышбаев ашты. Айып алаңына енген ол әуедегі допты «Оқжетпес» қақпашысы Антон Цириннің бойынан асырып жіберді.

Екінші таймның басында Артем Касьянов айып соққысын дәл орындап, тоблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Бұған көкшетаулықтар бірден жауап қатты – үш минуттан кейін Лука Роткович есеп айырмасын қысқартты. Ойынның соңғы минуттарында Роткович таразы басын теңестіріп тастауға жақын болды, алайда Андрей Сидельниковпен бірге бір шыққан чеорногориялық форвард өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

 

«Ордабасы» (Шымкент) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:1 (1:0)Голдар1:0 – Тұңғышбаев (45), 2:0 – Касьянов (51), 2:1 – Роткович (54).«Ордабасы»: Сидельников, Малый, Симчевич, Сүйімбаев, Трайкович, Әшірбеков (Адырбеков, 70), Гейнрих (Петров, 82), Касьянов, Нұрғалиев (Қожабаев, 90), Тұңғышбаев, Юнузович.«Оқжетпес»: Цирин, Азовский, Крюков, Тулиев, Чижов, Волков, Павлов (Роткович, 46), Цветкович, Шабалин (Сақалбаев, 61), Бөлешев (Сычев, 61), Гридин.ЕскертулерПавлов (41), Тулиев (76), Нұрғалиев (78), Гридин (81), Чижов (85).