«Қайсар» қазақстандық қақпашы Нұрымжан Салайдынмен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жергілікті голкипер Нұрымжан Салайдын жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды. Былтыр клубтың негізгі қақпашысы болған Нұрымжан жаңа маусымда да команда қақпасын күзетпек», — деп жазды клуб баспасөз қызметінің өкілдері.