Аса жеңіл салмақта OCTAGON лигасының қазіргі чемпионы «Қазақ Сехудосы» Дамир Төленов (8-0) Роял Рейлизадеге (5-0) қарсы алдағы жекпе-жегі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оңай болмайды деп ойлаймын. Бірақ қажеттінің бәрін жасаймын. Күресу немесе жұдырықтасу - бәрібір. Бұл жекпе-жек мен үшін жоғарыға көтерілуге мүмкіндік. Шығамын да, төбелесіп, өз титулымды алып кетемін, кейін демалуға отбасыма барамын», – деді Төленов баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, аса жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жек 19 ақпанда Алматыда OCTAGON 41 турнирі аясында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін әзербайжандық файтер қазақстандық танымал Ақтөре Батырбекті жеңген болатын.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы