Қазақстандық теннисші Денис Евсеев литвалық Вильнюсте «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев бірінші айналымда италиялық Юлиан Оклеппоны сенімді жеңді - 6:2, 6:2.

Кездесу 50 минутқа ғана созылды.

Фото: Андрей Ударцев