«Бейбарыс» хоккей клубы тәжірибелі қорғаушы Яков Селезневпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

33 жастағы Селезневтің соңғы командасы румыниялық «Чексерада» болды. Ал маусымды минскілік «Юность» сапында бастады.

Оның ҚХЛ, ЖХЛ-да тәжірибесі бар, Қазақстанда «Сарыарқа» мен «Арланда» ойнады.