Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бірінші айналымда канадалық Бьянка Андреескуден басым түсті.

1 сағат 40 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры 780 000 доллардан асады.