29 жастағы қазақстандық теннисші Денис Евсеев Вильнюсте өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында ширек финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз украиндық Виталий Сачкомен бірге өнер көрсеткен. Олар А.Ричард (Швейцария)/Д.Стриккер (Швейцария) жұбынан 2:6, 6:4, 8:10 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.