27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Шәмші Көкшетаудың «Оқжетпесіне» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самат Шәмші – Шымкент футбол мектебінің тәрбиеленушісі.

Кәсіпқой футбол мансабын «Ордабасы» клубында бастады, сонымен қатар «Қыран» клубында ойнады.

Саматтың соңғы клубы шымкенттік «Ордабасы» болды, онда ол 28 кездесу өткізіп, 1 гол соқты.