Нысана көздеуден Қазақстан құрама командасы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінің жалпы командалық есебінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан спортшылары 10 медаль (3 алтын, 5 күміс және 2 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте І орын иеленді.

Нысана көздеуден ел құрамасы 27 қаңтар – 7 ақпан аралығында Джакартада өтіп жатқан рейтингілік Әлем кубогіне қатысып жатыр. Онда әлемнің 32 елінен 350-ден астам спортшы бақ сынауда. Қазақстан намысын 15 спортшы қорғап жатыр.

Фото: instagram.com/kazshooting