UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова жарақатынан қашан айығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Оңалту кезеңінің төрт айы қалды. Көмектесіп жатқандардың бәріне рақмет. Жолдың жартысы өтті», - деп жазды павлодарлық спортшы Instagram-парақшасында.

2022 жылдың 17 қыркүйегінде Мария Агапова UFC Vegas 60 турнирінде канадалық Джиллиан Робертсоннан екінші раундта жеңіліп қалған. Оған көп ұзамай ота жасалып, кейін оңалту курсын бастаған болатын.

Фото instagram.com/mma.mashka