Лондондық «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуринью «Ювентустің» ойыншысы Поль Погбаны сатып алуды қаламайтындығын жеткіздідеп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
«Менің ойымша, Погба барлық мықты командалардың назарында. Бірақ кей кезде қолдан келмейтін істер де бар. Мысалы, маған Эйфель мұнарасы ұнайды, алайда мен оны үйімнің бағына апарып қоя алмаймын. Меніңше, бізде онсыз-ақ командамыз жақсы ойыншылар жетерлік.
 
Погба - әлемнің үздік ойыншыларының бірі. Ол қандай командаға бармасын, күшейте түсетіні анық. Алайда ол біздің ойын үлгімізге сай емес. Егер ол «Ювентусте» қалатын болса, «Юве» қайтадан өте мықты командаға айнала кетеді. Біз Чехті Беговичке, Дрогбаны Фалькаоға және де жас ойыншыларды басқаларға ауыстырып жатырмыз», — дейді Моуринью.