Мадридтік «Реалдың» бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс «Порту» сапындағы алғашқы матчын қатысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Испаниялық голкипер «Порту» жейдесіндегі алғашқы матчын германиялық «Дуйсбургке» қарсы өткізді. Португалиялық команданың бас бапкері Хулен Лопетеги Касильясты негізгі құрамда шығарды. Дебюттік ойынында аңызға айналған қақпашы гол жіберген жоқ, ал «Порту» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, 12 шілдеде «Порту» ресми түрде Икер Касильясты қатарына қосқан болатын.