Жамбылдық «Тараз» бен керекулік «Ертіс» арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Ойын алаң иелерінің басымдығымен өтті. 90 минут бойы бір-бірінің қақпаларынан саңылау таба алмады қос қарсылас. Осылайша, екі ұжым бір-бір ұпайдан еншілеп, «Ертіс» 27 ұпаймен 6-шы орынға көтерілсе, «Тараз» 24 ұпай жинап, 9-шы сатыға түсті.
 
«Тараз» (Тараз) – «Ертіс» (Кереку) 0:0 (0:0)