5 ақпанға қараған түні АҚШ-тың Инглвуд қаласында Bellator 290 турнирі өтіп, басты оқиға ресейлік Федор Емельяненко мен ауыр салмақтағы чемпион Райан Бейдер арасындағы реванш болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек бірінші раундта Бейдер ресейлікті нокаутқа түсірген соң аяқталды.
Емельяненко мансабындағы жетінші жеңілісіне ұшырады.
Бадер 39 жекпе-жектің 32-сінде жеңіске жетті.
Еске салайық, екеуі бұған дейін 2019 жылдың қаңтарында Bellator 214 турнирінде кездесіп, Бейдер техникалық нокаутпен ұтты.
Комментарии