5 ақпанда Ла Серенада (Чили) Дэвис кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Чили құрамалары арасында кездесу өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші ойын күнінің матчтары Астана уақытымен 20:00-де басталады. Үш ойын жоспарланған: алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық матчта Алехандро Табило мен Томас Бариосқа қарсылас атанады, одан кейін Бублик Гаринмен кездеседі, соңғы матчта Скатов Джарримен шеберлік сынасады.

Бірінші күннен кейін матчтың жалпы есебі 1:1 болды.

Еске салайық, топтық кезең жеңімпазы Дэвис кубогының финалдық кезеңінде өнер көрсетеді. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы таратады.