Қостанайлық «Тобыл» Қызылорда қаласында жергілікті «Қайсарды» 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды«PROСПОРТ».
 
Кездесудің тағдырын Нұрбол Жұмасқалиевтің ойын басында соққан жалғыз голы шешті. 9-шы минутта «Тобыл» капитанының тепкен добын «Қайсар» Рамиль Нұрмұхаметов қайтара алмады. Бұдан кейін таблодағы есеп мәні өзгермеді. Тек матч аяқталуға санаулы минуттар қалғанда Петухов қорғаған қақпаға 11-метрлік айыпдобы белігіленді. Алайда Молдақараев мүмкіндігін пайдалана алмады.
Осылайша, қызылордалық «Қайсар» қатарынан үшінші рет жеңіліс тапты, ал «Тобыл» болса ұпай санын 25-ке жеткізді.
 
«Қайсар» (Қызылорда) – «Тобыл» (Қостанай) 0:1 (0:1)
Голдар: 0:1 – Жұмасқалиев (9).
«Қайсар»: Нұрмұхаметов, Балтаев, Ирисметов (Алтынбеков, 78), Кейлер, Кляйн, Митошевич, Нұрдәулетов, Кнежевич, Матвеенко (Вороговский, 72), Молдақараев, Струков.
«Тобыл»: Петухов, Агайсин, Климавичюс, Недашковский (Кургулин, 78), Садовничий, Яворский, Богданов, Жұмасқалиев (Шливич, 66), Зенькович, Калу (Бугаев, 62), Матулявичюс.
Ескертулер: Ирисметов (5), Жұмасқалиев (14), Богданов (42), Струков (90), Матулявичюс (90).
Пенальтиден мүлт кетті: Молдақараев (86).