Тоқтар Жаңғылышбай «Мақтаарал» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол өткен маусымда қарағандылық «Шахтер» сапында ойнады. Бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Қазақстан кубогында бір мәрте қанжығасын майлады.

Бұған дейін Жаңғылышбай ҚПЛ-да 2019 жылдың үздік голын соққан болатын.