Дэвис кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Чили командасы кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған кездесудің жеребе тарту рәсімі өтті. Жеребе қорытындысы бойынша 4 ақпанда кортқа бірінші болып Тимофей Скатов пен чилилік Кристиан Гарин шығады.

Бұл жекелей сын Астана уақытымен 21:00-де басталады. Одан кейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик пен Чили құрамасының екінші нөмірі Николас Жарри кездеседі.

Екінші ойын күні 5 ақпанда өтеді, ол Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Ол күнге үш кездесу жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Алехандро Табило және Томас Бариоспен кездеседі. Одан кейін Александр Бублик пен Кристиан Гарин арасында кездесу өтеді. Соңы жұпта Тимофей Скатов пен Николас Жарри кездеседі.