Қостанайлық «Тобыл» жартылай қорғаушы Ислам Чесноковпен жыл соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ислам Чесноков – өскемендік «Алтай» футбол клубының түлегі. 2018 жылы клубтың жастар командасында өнер көрсете бастады. 2020 жылы 15 қыркүйекте «Тұранға» қарсы ойында дебют жасады.

2021 жылдың сәуір айында беларусьтік «Белшинасына» ауысты. 2022 жылы 20 наурызда Могилев қаласының «Днепріне» қарсы ойында дебют жасады. Алғашқы голын 2022 жылы 21 мамырында «Ислочь» ұжымына қарсы ойында соқты. Маусым қорытындысы бойынша клуб үшін барлық турнирде 28 матчқа қатысып, онда 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Туған күні: 21 қараша 1999Бойы: 185 смСалмағы: 76 келіПозициясы: жартылай қорғаушыАзаматтығы: Қазақстан.