4 ақпанда Ла-Серенда (Чили) Дэвис кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Чили командасы кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл екі ел арасындағы алғашқы теннис кездесуі болмақ.

Айта кетейік, Чили құрамасы 1976 жылы Дэвис кубогының финалына шыққан.

Кездесудің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Оны «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.