Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ақтаулық «Каспий» мен «Нижний Новгород» арасындағы кездесуді тамашалады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасына ақтаулық клубтан Мақсат Тайкенов пен Думан Нарзілдаев шақырылған болатын.

Қазір Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Түркияда ұлттық құрамаға үміткерлерді қарап жүр. Бұған дейін ұлттық құрама бапкерлері «Ордабасы» мен сербиялық «Инджия» арасындағы кездесуді тамашалаған болатын.