Жастар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.Іріктеу ойындары 2023 жылдың наурызынан басталып, 2024 жылдың қарашасына дейін жалғасады. Топ жеңімпаздары мен екінші орын иегерлерінің арасынан үздік үш команда финалдық кезеңге бірден шығады.

Ұлттық құраманың матчтары келесі күндері өтеді:

07.09.2023 Венгрия — Қазақстан;11.09.2023 Бельгия — Қазақстан;17.10.2023 Қазақстан — Испания;16.11.2023 Мальта — Қазақстан;21.03.2024 Шотландия — Қазақстан;26.03.2024 Қазақстан — Венгрия;05.09.2024 Қазақстан — Мальта;10.09.2024 Қазақстан — Бельгия;10.10.2024 Испания — Қазақстан;15.10.2024 Қазақстан — Шотландия.