«Сауд Арабиясы туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы «Movistar» командасының велошабандозы португалиялық Рубен Геррейру атанды. Екінші орынды италиялық «UAE Team Emirates» командасынан Давиде Формоло алды. «Bahrain-Victorious» шабандозы колумбиялық Сантьяго Буитраго мәреге үшінші болып жетті.

«Астана» сапында үздік нәтижені Кейс Бол көрсетті, ол мәреге 14-болып жетті.

Фото: AstanaQazTeam