Словениялық «Марибор» ел чемпионатының алғашқы турында өз алаңында «Заврч» командасымен кездесті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапында Лука Захович көзге түскен.

Естеріңізге сала кетсек, «Марибор» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде «Астанаға» қарсылас атанған болатын. қазақстандық команда алғашқы матчта қонақта 0:1 есебімен ұтылып қалған. Қарымта кездесу 22 шілдеде «Астана Аренада» жергілікті уақыт бойынша 20:00-де өтеді.