Лондондық «Арсенал» дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Пьер-Эрик Обамеянгты сатып алмақ, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Дортмундтық клуб футболшыны 31 миллион фунтқа бағалап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, неміс клубы 2013 жылы Обмамеянг үшін «Сент-Этьенге» 13 миллион еуро берді.
Германияның өткен маусымында 26 жастағы шабуылшы 33 матч өткізіп, 16 рет көзге түскен.
Комментарии