Игорь Прохницкий "Ақжайық" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Айта кетейік, Игорь Прохницкий бапкерлік мансабын 1990 жылы бастаған. Әр жылдары "Ақтөбе" футбол клубының жастарын, "Ақтөбе-Жас" командасын жаттықтырды.

2012 жылы Қазақстан U-17 құрамасы бапкерінің ассистенті болған. 2013-2014 жылдары "Каспий" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарды.