Prosports.kz cайтына белгілі болғандай, 23 жастағы нигериялық шабуылшы Стэнли Нкоби мансабын «Елімайда» жалғастыруы мүмкін.

Ойыншы семейлік клубтың оқу-жаттығу жиынында.

2020 жылы Нкоби Түркістан облысының «Арыс» клубында ойнап, 12 матчта алты гол соқты. Клубқа алғаш рет Премьер-лигаға шығуға көмектесті. Футболшы талдықорғандық «Жетісу» сапында да өнер көрсетті.

Футболшының соңғы клубы Яссы болды. Түркістандық клуб сапында ол тоғыз матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.