«Атырау» футбол клубы Беларусь футболшысы Егор Хаткевичпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Егор Хаткевич «Атырау» ФК-мен келісімшартқа отырды. Егорға біздің клубтың құрамында жаңа жеңістер тілейміз», - делінген клуб хабарламасында.

34 жастағы қақпашы Атырауға Минск «Динамосынан» ауысты.