KАZsport телеарнасы Еурододалардағы «Астана» мен «Қайраттың» қарымта кездесулерін көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Елордалық «Астана» клубы Чемпиондар Лигасындағы словениялық «Мариборға» қарсы ойынын  «Астана-Арена» стадионында 22-ші шілде күні 19:45-те өткізеді. Ал алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен күш сынасады. Басталу уақыты 23-ші шілде сағат 20:50-де. Қос ойынды да «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.
 
 
 
16 шілдеде алматылық «Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының 2-ші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында армениялық «Алашкерт» командасын 3:0 есебімен жеңсе, елордалық словениялық «Мариборға» сырт алаңда 1:0 есебімен есе жіберіп қойды.