Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы, қазір бапкері Ксения Панкратова өзінің Instagram желісіндегі жазылушыларын далада мәнерлеп сырғанаған кезекті видеосымен қуантты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ксения бұл жолы Қапшағай су қоймасының қарлы мұзында өнер көрсетті. «Қыс ертегісі» деп аталатын бейнебаянға музыкалық сүйемелдеу ретінде спортшы Батыр Шүкеновтың «Отан ана» әнін таңдады.