Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы белбеулерін жеңіп алған қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (15-2, 8 КО) Тайландта оқу-жаттығу циклін жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Instagram желісіндегі ізбасарларымен 28 жастағы спортшы Пхукеттегі Tiger Muay Thai және MMA жаттығу лагерінде өткен жаттығудағы видеомен және жанкүйерлерді өзінің биылғы жоспарлары туралы мәлімдемесімен қызықтырды: «2023 жыл жемісті болады деп уәде береді. Ең бастысы, МАҚСАТ БАР, кедергі жоқ»