Болгарияның София қаласында екінші дивизионның В тобында 18 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Эстонияны 8:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы А тобына жолдама үшін Исландия, Жаңа Зеландия, Болгария, Бельгия және Эстония құрамаларымен таласады.