«Астана» футбол клубы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде «Астана» футбол клубына қатысты түрлі ақпарат жарияланады. Бұл дереккөздерде жарияланған ақпараттар шындыққа жанаспайды, сондықтан жалған мәлімдемелерге мән бермеуіңізді сұраймыз.Елордалық клубтың қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат тек «Астананың» ресми интернет-ресурстарында жарияланады», - делінген клуб хабарламасында.