«Қайсар» Литва құрамасының бұрынғы ойыншысы Миндаугас Григаравичюспен келісімшарт жасасты, футболшы қызылордалық клубқа еркін агент ретінде қосылды, деп хабарлайды meta-ratings.kz.

30 жастағы шабуылшы бұған дейін литвалық «Клайпеда», «Судува», «Утенис», «Стумбрас» және «Йонаву», армениялық «Мика», латвиялық «Елгава» және «Метта» сапында ойнаған. Өткен маусымда литвалық «Ритеряй» сапында өнер көрсетті. 2022 жылы барлық турнирде 24 матчқа қатысып, 5 гол мен бір ассист авторы атанды.

Литва құрамасы сапында Словения (2:2), Мальта (2:0), Чехия (0:3) және Англияға (0:2) қарсы ойнаған. 2017 жылдан бері құрамаға шақырту алмады.